Срочная публикация в журналах
из перечня ВАК
info@aspirans.com
+7 (495) 978-11-58
(с 11.00 до 21.00)
+7(903)145-30-58
(Viber, WhatsApp)
 
 

 

Ағылшын тілдеріндегі құқықтық фразеологизмдердің қолданылуы

  И.Д. КУЛМУРИНОВА   С.Бәйішев  атындағы Ақтөбе университетінің магистранты Қазақстан, Ақтөбе    Ағылшын тілінің мыңдаған жылдық тарихы бар. Бұл уақыт аралығында бұл тілде адамдар қолданған өткір әрі қызықты көптеген оралымдар орын алды. Сөйтіп тілдің ерекше қабаты – фразеология дамыды, бұл өзіндік жекелеген мағынасы бар тұрақты оралымдардың бірлігі.  Ағылшын тілін зерттеу Ресейде және біздің елімізде де кең тарады. Тілдегі фразеологияны меңгермейінше тілді жақсы білу, соның ішінде ағылшын тілін жақсы меңгеру мүмкін емес. Фразеологияны білу адамға     публицистикалық, көркем және заң әдебиеттерін оқуда көптеген жеңілдіктер туғызады. Фразеологизмдерді орынды қолдану сөйлеу тілін барынша  идиомаландыруға мүмкіндік береді. Сөзбе-сөз аударылмайтын, ал мағыналық тұрғыдан қабылданатын фразеологиялық оралымдардың көмегімен тілдің эстетикалық аспекті күшейе түседі. Идиомалардың көмегімен, түрлі-түсті бояулардың көмегі сияқты тілдің ақпараттық аспектісі біздің өміріміздің, әлеміміздің сезімдік-интуитивтік сипатымен толықтырыла түседі. Фразеологияның лингвистикалық пән ретінде дамуын тежейтін себептердің бірі терминологияның шатасып жатқандығы, яғни тіл білімі саласында бірыңғай терминдердің болмауынан деуге болады. Фразеологияның негізгі ұғымдарының жеткілікті зерттелмеуі әрине көптеген терминдерді тудырады, олардың көпшілігі бір-бірімен синоним болады да, көпмағыналылыққа ұрынады, ал кейбіреулері тіпті термин деп атауға келмейді, себебі олар дәл емес.  Фразеологизмдер, өзара байланысты тұрақты тіркестер ретінде, тіпті кейде тұтас сөйлем түрінде, әдетте толықтай, кейде жартылай ауыспалы мағынаға ие болады. Фразеологизмдердің негізгі ерекшелігі, көптеген қазіргі зерттеушілердің пікірінше, мазмұн жоспарының мағына жоспарына сәйкес келмеуінен туындайды, бұл фразеологиялық бірліктің ерекшелігін айқындайды және оның мағынасына тереңдік пен ыңғайлылық береді. Бұл мүмкіндіктердің   тамыры сірә фразеологизмдердің табиғатында – тұйықталған микроконтексте жатыр, бұл жерде тек мағына жоспары мен мазмұн жоспарының арасында жүзеге асырылып қоймайды, сонымен қатар осындай белгі, ассоциативті-семантикалық, яғни   микроконтекстің өзінен алынған белгілерге қатысты болуы мүмкін. Осы тереңдік фразеологизмге күрделі құбылыстар мен шынайылық қарым-қатынастарын толық, кең әрі ажарлы формада беруге көмектеседі. Фразеологизмдер қарым-қатынаста маңызды орын алады, бұлар мағынаны білдіруге көптеген мән береді: олар айтылымды (мәтінді) барынша эмоционалды етіп, оған әр беріп, ажарландырып,  белгілі бір жағдайда эстетикалық қабылдауға мүмкіндік береді, сөйтіп қандай да бір мәдени ассоциацияны қалыпастырады және т.б.  Көп жағдайда фразеологизмдер мәтіннің мәртебесін көрсетуге қызмет етеді (әңгімелесуші, айтылым тақырыбы, коммуникацияға қатысушылар арасындағы қарым-қатынас және т.с.с.). Қоғамдық-саяси фразеологиялық бірліктерді бірнеше топқа бөлуге болады, бұл  фразеологизмдердің жалпы жіктеліміне байланысты. Профессор В.В. Виноградовтың жіктеліміне сәйкес, фразеологиялық бірліктер  фразеологиялық өсінділерге, фразеологиялық бірліктерге және   фразеологиялық тіркестерге бөлінеді. Зерттеуші  Н.Н. Амосованың пікірінше   фразеологизмдер фраземалар мен идиомаларға бөлінеді. Ғалым Е.Ф. Арсентьеваның ұстанымына сәйкес  фразеологизмдер ағылшын және орыс тіліндегі фразеологиялық баламалылыққа сәйкес  жіктеледі. Оның жіктеуіне сәйкес  фразеологиялық бірліктер келесі топтарға бөлінеді:  ағылшын-орыс  фразеологиялық баламалары, ағылшын-орыс фразеологиялық аналогтары, баламасыз фразеологиялық бірліктер [1]. Ғалым А.В. Куниннің ағылшын-орыс фразеологиялық сөздігі туралы зерттеуі бойынша қоғамдық-саяси терминдер негізінде жасалған   ағылшын тілінде өте көп. [2] Бұл ең алдымен Ұлыбританиядағы қоғамдық-саяси ғылымдардың қоғамдық маңыздылығымен және өзектілігімен түсіндіріледі,   осымен байланысты қоғамдық-саяси терминология ағылшын фразеологиясының сүйікті аспектісі болып табылады. Ағылшын қоғамдық-саяси фразеологиясында көптеген римдік құқықтық фразеологизмдер кездеседі, бұлар Англия және басқа да еуропа елдеріне ежелгі дәуірден бері  ( Рим құқығы рецепциясы) еніп кеткен.  Рим империясы Еуропаны түгелдей дерлік жаулап алды. Римдіктермен бірге мұнда құқық та келді. Рим империясы құлағаннан кейін оның қалыптастырған құқығы Еуропада қызмет ете берді. Рим құқығы алғаш рет фразеологиялық ережелер мен құқықтық фразеологияға негіз болды. Рим құқығы жаңа халықтардың құқықтық дамуына іргетас болды, сонымен қатар Батыс Еуропаның барлық халықтарына ортақ іргетас болды, бұл сала Германияда, Францияда, Англияда және т.б. елдерде әлі де зерттеліп келеді. Шығу тегі жағынан құқықтық фразеологизмдерді үш негізгі топқа бөлуге болады:  Латын тілінен енген құқықтық фразеологизмдер:  1) add insult to injury – жаңа реніш туғызу (этимологиясы жағынан латын тіліндегі Injuriae qui addideris contumeliam.) 2) Caesar is wife must (немесе should ) be above suspicion – «Цезарьдің әйелі күмәннан тыс болуы керек» (Юлия Цезарьдің неге әйелі  Помпеямен ажырасқандығы туралы түсініктемесі)  фразеологизм Caesar is wife деген фразеологизмге негіз болды, яғни «күмәннан тыс адам»   (тура мағынасында «Цезарьдің әйелі»). 3) punish – жазалау латын тілінде poena dare – жаза беру. Ағылшын тілінде бұрыннан қалыптасқан құқықтық фразеологизмдер: 1) Put smb. іn the cart – біреуді қиын жағдайда қалдыру (cart сөзі арқылы қылмыскерлерді жазалау орнынан апаратын немесе қала ішінде масқаралап жүруге арналған арбаны атаған). 2) well hanged (немесе hung ) for a sheep as a lamb – «егер қой үшін дарға асылатын болсам, неге қозыны да ұрлап алмасқа» (көне ағылшын заңының үзіндісі, бұл бойынша қой ұрлау дарға асу арқылы өлім жазасына кесілетін болған). 3) Fools rush in where angels fear to tread – «ақымақтар періштелер аяқ басуға қорқатын жерге қарай жүгіреді», «ақымақтарға заң жүрмейді». Фразеологиялық кірме сөздер фразеологиялық форманы дамытады және коммуникация мүмкіндіктерін кеңейтеді.  Әтүрлі құқықтық дереккөздерді зерттей отырып, көптеген фразеологизмдерді табуға және оларды әртүрлі жіктелім бойынша жіктеуге болады. Дегенмен фразеологизмнің түрі мен құрылымын біліп қою жеткіліксіз, сонымен қатар оның қолданылу ерекшелігін де білу керек.  Ағылшын құқықтық фразеологизмдеріне тән қасиет олардың қарым-қатынастың  нақты ситуацияларында қолданылуы және кәсіптік қызмет саласында қолданылуы болып табылады. Мысалы: The Home Office – Ішкі істер Министрлігі, common law damages – жалпы құқықты бұзу, to ensure the impartiality – мөлдірлікті қамтамасыз ету, statute book – заңдарды жинау, (in) due course of law – қажетті құқықтық процедура, to proride lawyers –  юристерге беру. Сот саласындағы терминология, және оның құрамына енетін фразеологизмдер сот ісінің типіне сәйкес қолданылады. Мысалы:  To try on the case – соттау, circuit judges – округтік соттар, to clear with the matter by summons –   сот хабарламасының көмегімен істі бастау, to jail to appear to court – сотқа келуден бас тарту, taking of the plea in the case of the court – сотта ресми арызды қабылдау, grand of bail – қол  астына алуға ұсыныс жасау, the master of the Polls – сот архивінің сақтаушысы, criminal records - сотталу, forensic medicine - сот медицинасы. Қылмыстық және азаматтық істерді қарағанда қатысушылар әртүрлі терминдерді қолданады, тіпті істің жақтастары, тараптары, қылмыстың және жазаның түрлері де әртүрлі болады. Мысалы: first offender – алғаш рет сотталған, old offender – рецедивист, inifal defention – алғашқы қамау. Қорытынды сөз сөйлегенде адвокаттар айыптау тарабы ретінде және қорғау тарабы ретінде психологиялық аспектіні есепке алады. Кейде адвокаттың сөз саптауынан істің барысы түбегейлі өзгеріп кетуі мүмкін,  бұл дәлелдер мен куәлардың сөзінен де басым түседі. Мысалы: give proof by –дәлелді бекіту, to meet conditions – шарттарға қанағаттану, to be recommended for mercey – кешірімге лайық болу. Сондықтан сот сөзінде тәжірибелі адвокат   фразеологизмдерді де, және көркем әдебиеттен цитаталарды да, және  латын тіліндегі қанатты сөздерді де қолданады. Білімді юрист қажетті терминологияны және әрқашан оны қолданатын жерін біледі.   ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 1.    Арсентьева Е.Ф. Сопоставительный анализ фразеологических единиц (на материале фразеологических единиц, семантически ориентированных на человека в английском и русском языках). – Казань, 1989 г. 2.    Кунин А.В. Англо-русский фразеологический словарь, 4-е изд., перераб. и доп. – Москва: Русский язык, 1984. – 944 с. 3.      РЕЗЮМЕ И.Д. КУЛМУРИНОВА ИСПОЛЬЗОВАНИЕ ПРАВОВЫХ ФРАЗЕОЛОГИЗМОВ НА АНГЛИЙСКОМ ЯЗЫКЕ   Актюбинский Университет имени С. Байшева, магистрант Казахстан, Актобе Фразеология часто используется в публицистике, литературе и в законе. Ее свойства употребляются во взаимоотношении определенных ситуаций и профессиональных отраслях. Терминология в отрасли закона, состоящие из фразеологизмов, согласуется с судебным делом. В заключении адвокаты берут во внимание психологический аспект со стороны обвинителя и со стороны защитника.   Связи с этим адвокат может изменить ход событий фундаментально и превосходить слов свидетелей. Образованный юрист всегда знает, как и где использовать необходимую терминологию. Ключевые слова: фразеология, терминология, право, адвокат.   SUMMARY I.D. KULMURINOVA  USING OF THE LAW PHRASEOLOGY ON ENGLISH LANGUAGE   Aktobe University named after S. Baishev, master of degree Kazakhstan, Aktobe           Phraseology often used in journalism, literature and law. Its properties are used in the relationship of certain situations, and professional sectors.           The terminology in the field of law, consisting of phraseology is corresponded with the court case. Finally, counsel take into consideration the psychological aspect of the prosecutor and by defense counsel. Therefore, a lawyer can fundamentally change the course of events. Educated lawyer always knows how and where to apply the necessary terminology.           Key words: phraseology, terminology, law, lawyer.